ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне
және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура
туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша: «шетелдіктер», «шетелдікті», «Шетелдікті», «шетелдік немесе», «Шетелдіктерге», шетелдіктерге», «шетелдік азамат», «шетелдіктерді» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматын», «Шетел азаматын», «шетел азаматы немесе», «Шетел азаматтарына», «шетел азаматтарына», «шетел азаматы», «шетел азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
екінші бөлікте:
«Республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды» деген сөздер «қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «заңнамалық актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 2-баптың бірінші бөлігіндегі «құрылысы» деген сөз «құрылыс негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-бапта:
4) тармақтың екінші абзацындағы «мемлекет қауіпсіздігіне» деген сөздер «мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақтағы «құрылысын құлатуға немесе бүлдіруге» деген сөздер «құрылыс негіздерін құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақта:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) тармақта:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 15-баптың екінші бөлігіндегі «рулық, нәсілдік, тектік-топтық» деген сөздер «этностық, нәсілдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 71-баптың алтыншы бөлігіндегі «және қауіпсіздігіне» деген сөздер «және ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сот қараған кезде шартты түрде мерзімінен бұрын босату күні оған қатысты қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.»;
1-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 73-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот осы баптың төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адамға қатысты жазаның түпкілікті мерзімі немесе мөлшері бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.»;
1-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
9) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
«73-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту
1. Бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамның бір жыл ішінде тәртіптік жазасы болмаған кезде сот оны бас бостандығынан айырудың қалған өтелмеген мерзімін шартты түрде бір айға қысқартуға тиіс.
Сотталған адамға тәртіптік жаза қолданылған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту ол өтелген немесе алып тасталған күннен бастап бір жылдан кейін және сол кезеңде осы бапта көзделген талаптар сақталған кезде қолданылады.
Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту қолданылғаннан кейін және сотталған адам осы бапта көзделген талаптарды сақтаған кезде осы шараның кезекті қолданылуы бір жылдан кейін жүзеге асырылады.
2. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс үшін сотталғандарға, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталғандарға қатысты қолданылмайды.
3. Егер бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот:
1) үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындау кезінде - қылмыстар бойынша;
2) жаза тағайындау кезінде - қылмыстық теріс қылықтар бойынша;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде сот немесе қылмыстық қудалау органы қылмыстық жауаптылықтан босатқан сотталған адамдарға қатысты - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жояды.
4. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) сотталған адамды жазаны өтеуіне байланысты босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, осы Кодекстің 73-бабының төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстыру жағдайларында жазаның өтелген мерзіміне қосылады.»;
10) 77-баптың бесінші бөлігіндегі «және қауіпсіздігіне» деген сөздер «және ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 78-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 148-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «желісі бойынша» деген сөздерден кейін «немесе цифрлық технологияларды қолдана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 161-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы «соғысты» деген сөзден кейін «, қарулы қақтығысты» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 163-баптың тақырыбы «Соғыс» деген сөзден кейін «және қарулы қақтығыс» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 170-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мен үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «құрылысты» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 174-бапта:
тақырыптағы «рулық, нәсілдік, тектік-топтық» деген сөздер «этностық, нәсілдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға» деген сөздер «этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тектік-топтық, ұлттық, рулық» деген сөздер «ұлттық, этностық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты насихаттайтын» деген сөздер «этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты насихаттайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 179-бапта:
тақырыптағы «құрылысын» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы және үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күштеп басып алуды немесе билікті күштеп ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді не ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді насихаттау немесе оларға жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату -»;
«3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күштеп басып алуға немесе билікті күштеп ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер -»;
18) 181-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «құрылысын құлату немесе өзгерту не оның біртұтастығы» деген сөздер «құрылыс негіздерін құлату немесе өзгерту не оның унитарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 183-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық, этностық, нәсілдік, әлеуметтік және діни араздықты қоздыруға бағытталған, соғысты, қарулы қақтығысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру -»;
20) 362-баптың төртінші бөлігінің 4) тармағындағы «заңнамалық актісінде» деген сөздер «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 376-баптың тақырыбындағы, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы, үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы және ескертудегі «Парламенті депутатының абыройы», «Парламентінің», «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайы депутатының ар-намысы», «Құрылтайының», «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 404-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында:
«рулық, әлеуметтік, тектік-топтық» деген сөздер «этностық, әлеуметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құрылысты» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қауіпсіздігіне» деген сөз «ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдіктер», «Шетелдіктің», «шетелдікке», «Шетелдік не», «шетелдіктің», «шетелдікті», «шетелдік болып табылса», «шетелдік немесе», «шетелдік, сол сияқты», «шетелдіктерді», «шетелдік азаматтарды беруге», «шетелдіктерге» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары», «Шетел азаматының», «шетел азаматына», «Шетел азаматы не», «шетел азаматының», «шетел азаматын», «шетел азаматы болып табылса», «шетел азаматы немесе», «шетел азаматы, сол сияқты», «шетел азаматтарын», «шетел азаматтарын беруге», «шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «заңнамалық актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, олардың жекелеген ережелерін қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсыну жасаумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінуге міндетті.»;
4) 16-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Жеке өмірге қол сұғылмау
1. Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.»;
5) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.»;
6) 30-баптың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7) 35-баптың бірінші бөлігінің 6) тармағында:
«жататын» деген сөз «тиіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 45-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
«жататын» деген сөз «тиіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«актіні» деген сөздерден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
«жататын» деген сөз «тиіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 58-баптың бірінші бөлігінде:
«83-бабына» деген сөздер «84-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
«активтерді қайтару» деген сөздер «инвесторлардың құқықтарын қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 64-баптың екінші бөлігі «күдіктіге» деген сөзден кейін «бостандығын шектеу негіздерін және» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 68-баптың сегізінші бөлігіндегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» деген сөздер «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 71-баптың алтыншы бөлігінің жиырма жетінші абзацындағы «заң көмегі тегін» деген сөздер «ақы төленбейтін білікті заң көмегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 122-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы және үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 131-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«ұстап алу кезінде» деген сөздер «ұстаған сәтте» деген сөздермен ауыстырылсын;
«лауазымды адамы оның» деген сөздерден кейін «бостандығын шектеу негіздерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 178-баптың төртінші бөлігіндегі «заң көмегін тегін» деген сөздер «ақы төленбейтін білікті заң көмегін» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 186-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы «облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан» деген сөздер «астанадан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 188-бапта:
бірінші бөліктегі «(облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада)» деген сөздер «(астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«(облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада)» деген сөздер «(астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «(астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 213-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 243-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «жүйелер» деген сөзден кейін «, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 390-баптың алтыншы бөлігінде:
«жататын» деген сөз «тиіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармағының 21) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
21) 398-баптың бірінші бөлігі 4) тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаған кезде үкімде сотталған адам жазасын өтеуге тиіс мекеменің түрін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының ережелерін түсіндіреді, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне есепке қою үшін келу міндетін белгілейді.»;
22) 476-бапта:
2-тармағының 22) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақпен толықтырылсын:
«13-1) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту, сондай-ақ бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (қолданылған шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі және үшінші бөлігінің 3) тармағы);»;
15) тармақта:
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 23) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
23) 478-бапта:
екінші бөлік «12),» деген цифрлардан кейін «13-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
төртінші бөлік «өтінішхат» деген сөзден кейін «, ұсыну» деген сөзбен толықтырылсын;
24) 499-баптың екінші бөлігінің 5) тармағында:
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 501-баптың төртінші бөлігінің 2) тармағында:
«актіні» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 547-бапта:
тақырыптағы, бірінші және екінші бөліктердегі «Парламентінің», «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
төртінші бөлікте:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы», «жатады» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлікте:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламенттің тиісті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайдың» деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы бөліктегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 548-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 549-бапта:
тақырыптағы, бірінші және екінші бөліктердегі «, Төрағасының орынбасарына,», «, Төрағасының орынбасары,», «, Төрағасы орынбасарының,» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын қылмыс орнында не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді.
Ұсыну Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттілігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.»;
бесінші бөліктегі «, Төрағасының орынбасарын,» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «Парламентінің» деген сөз «Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 550-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
төртінші бөліктегі «ұстап алуға», «55-бабының 3) тармақшасында», «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына», «ұстап алу» деген сөздер тиісінше «ұстауға», «56-бабының 11) тармақшасында», «Қазақстан Республикасының Құрылтайына», «ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 551-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
төртінші бөліктегі «ұстап алуға», «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына», «ұстап алу» деген сөздер тиісінше «ұстауға», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) 551-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
үшінші бөліктегі «ұстап алуға», «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына», «ұстап алу» деген сөздер тиісінше «ұстауға», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
32) 552-бапта:
тақырыпта:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, Төрағасының орынбасарына,» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, Төрағасының орынбасарына,» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
«52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында және 83-1-бабының 3-тармағында» деген сөздер «55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында және 85-бабының 4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;